Услуги клиники FOCUS
FOCUS клиникасын қалай табуға болады?
дс: 09:00 - 17:00
сс - жм: 08:00 - 17:00
сб: 08:00 - 14:00
жс: демалыс
дс: 09:00 - 17:00
сс - жм: 08:00 - 17:00
сб: 08:00 - 14:00
жс: демалыс
Бас дәрігер, офтальмохирург, жоғары санатты дәрігер
1986-1993 ж. Алматы Мемлекеттік Медицина Институты
Профессор, денсаулық сақтау үздігі
1961-1967 ж. Қарағанды мемлекеттік медицина институты
1967-1968 ж. Офтальмология бойынша алғашқы мамандану (Красноярск қ.)
1991 ж.-1998 ж. Офтальмология бойынша жетілдіру циклдары (Алматы қ. және Мәскеу қ.)
1999 ж. Ренн қаласы Университеттік клиникасының көз бөлімінде тағылымдама (Франция)
Глаукома, тамырлы офтальмопатология (диабеттік, гипертониялық ретинопатия, торлы қабықтың және көру жүйкесінің жедел тамырлы бұзылыстары), көздің алдыңғы және артқы бөлігінің қабыну аурулары, эндокриндік офтальмопатология және торлы қабық пен көру жүйкесінің басқа да күрделі синдромдық аурулары бар науқастарға кеңес беру және емдеу.
1986 ж. «Көзішілік ісіктерді диагностикалау» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады
2000 ж. «Диабеттік ретинопатияны хирургиялық түзету» тақырыбына докторлық диссертация қорғады
2003 ж. профессор ғылыми атағы берілді
2000 ж. «Диабеттік ретинопатия» монографиясының авторы
2002 ж. «Торлы қабық көктамырларының тромбозы» монографиясының авторы
2007 ж. «Диабеттік офтальмопатия» монографиясының авторы
50-ден астам әдістемелік ұсынымдардың, 310 баспа жұмыстарының және ҚР өнертабысына 55 патенттің авторы.
Бас дәрігердің орынбасары, офтальмохирург
2002-2008 ж. С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, мамандығы – Емдеу ісі
2008-2009 г. Қазақстандық Медицина Университетінде интернатура (офтальмолог-дәрігер)
2010 ж. «Көз микрохирургиясы» циклының офтальмология мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2013 ж. «Торлы қабықтың және көру жүйкесінің тамырлы аурулары» циклының офтальмология мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2015 ж. «Глаукома» циклының офтальмология мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2016 ж. «Фемтосекундтық лазерді қолданумен нұрлы қабықтың эксимерлазерлік хирургиясы» әдістемесі бойынша біліктілікті арттыру тақырыптық циклында оқу, Мәскеу қ.
2018 ж. «Фемтолазерлік сүйемелдеумен эксимерлазерлік түзету» тағылымдамасы, Минск қ.
2018 ж. «Витреоретинальды хирургия. Неоваскуляризациямен қатар жүретін көру органдарының ауруларын емдеудің заманауи әдістері» біліктілікті арттыру
2019 ж. Еуропалық катаракта және рефракциялық хирургтер қоғамының (ESCRS) мүшесі
2021 ж. «Нұрлы қабық патологиясы. Дәрі-дәрмекпен және хирургиялық емдеу» біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2024 ж. Офтальмологиядағы соңғы лазерлік технологиялар
Жоғары санатты дәрігер
1997 ж.-2003 ж. – С.М. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (Алматы қ.)
2003 г.-2004 г. – ҚазКАҒЗИ базасында Офтальмология мамандығы бойынша интернатура (Алматы қ.)
2022 г.-2023 г. – Бизнес және басқару магистрі дәрежесін берумен «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» мамандығы бойынша магистратура, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.
2008 ж. «Көру органының тамырлы патологиясы» 144 сағат ҚазКАҒЗИ (Алматы қ.)
2008 ж. «Жанаспалы түзету» 72 сағат ҚазКАҒЗИ (Алматы қ.)
2013 ж. «Балалардағы көз түбінің патологиясы» 216 сағат АМДБЖИ (Алматы қ.)
2015 ж. «Шел факоэмульсификациясы» 108 сағат АМДБЖИ (Алматы қ.)
2018 ж. «Офтальмологиядағы диагностикалаудың функционалдық әдістері» 108 сағат ҚазКАҒЗИ АҚ (Алматы қ.)
2019 ж. «Көз микрохирургиясы» 108 сағат ҚазМҮБУ (Алматы қ.)
2021 ж. «Витреоретинальді хирургия. Неоваскуляризациямен бірге жүретін көру органының ауруларын емдеудің заманауи әдістері», Алматы қ.
2021 ж. «Нұрлы қабық патологиясы. Дәрі-дәрмектік және хирургиялық емдеу», Алматы қ.
2021 ж. «Офтальмологияда, оның ішінде балалар офтальмологиясында ең жаңа лазерлік технологиялар», Алматы қ.
2021 ж. «Фемтосекундтық лазерді қолданумен нұрлы қабықтың эксимерлазерлік хирургиясы», Мәскеу қ.
2022 ж.- 2023 ж. Денсаулық сақтаудағы менеджмент мамандығы бойынша магистратура, Алматы қ.
Жоғары санатты дәрігер
1998 ж.-2004 ж. – С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, мамандығы – Емдеу ісі
2004 ж.-2005 ж. – С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде Емдеу ісі мамандығы бойынша интернатураны бітірді, офтальмолог-дәрігер біліктілігі берілді
2006 ж. «Көз микрохирургиясы» циклының офтальмология мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2006 ж. «Диагностикалау және емдеу хаттамаларын әзірлеушілерге және клиникалық нұсқауларға арналған дәлелді медицина» курсы бойынша оқудан өтті, Алматы қ.
2007 ж. «ИОЛ имплантациясымен шел микрохирургиясы» циклының офтальмология мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2008 ж. «Офтальмологияның өзекті мәселелері» циклының офтальмология мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2009 ж. «Офтальмологиядағы диагностикалаудың функционалдық әдістері» циклының офтальмология мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2010 ж. «Функционалдық диагностикалау» циклының офтальмология мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2015 ж. «Глаукома» циклының офтальмология мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2016 ж. «Нұрлы қабық аурулары кезінде нұрлы қабық коллагенінің кросслинкингі» тақырыбы бойынша оқудан, тағылымдамадан өтті, Уфа қ.
2018 ж. SkyOptix зертханасында «Zenlenstm / Zentm RC склералық линзаларын таңдау» оқуынан өтті, Мәскеу қ.
2020 ж. «Витреоретинальді хирургия. Неоваскуляризациямен бірге жүретін көру органының ауруларын емдеудің заманауи әдістері» біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2021 ж. «Балалар мен ересектерде көру қабілетін контактілі және көзілдірікті түзету» біліктілікті арттыру , Алматы қ.
2021 ж. «Нұрлы қабық патологиясы. Дәрі-дәрмектік және хирургиялық емдеу» біліктілікті арттыру, Алматы қ.
Жоғары санатты дәрігер
2007 ж.-2012 ж. – С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, мамандығы – Жалпы медицина
2012 ж.-2014 ж. – Қазақстандық Медицина Университетінде интернатураны бітірді (біліктілік – дәрігер-хирург)
2014 ж.-2017 ж. – Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында офтальмология мамандығы бойынша резидентура
2018 ж. «Шел факоэмульсификациясы» циклы бойынша біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2019 ж. Катарактальді хирургтардың халықаралық конференциясына қатысу, Санкт-Петербург қ.
2023 ж. «Витреоретинальді хирургия» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру тақырыптық циклында оқу, Мәскеу қ.
2023 ж. «Витреоретинальді хирургия» тағылымдамасы, Минск қ.
Орталыққа 1.02.2019 ж. бардым. Алдымен интернеттен тауып, қоңырау шалдым, мені қабылдауға жазып қойды. Кірген бойда тегін бахила берді, орталықтың іші таза, жайлы, қызметкерлері сыпайы. Жылдам қызмет көрсетті, дәрігерлер керемет, жабдығы заманауи. Көзілдірік жазып берді, көз тамшыларына рецепт берді, консультация өткізді. Қабылдауға 5000 төлесең де аямайсың. Әлбетте, жүгінуге кеңес беремін!
Бүгін Гульнара Енбековнаға бардық. Қызымды тексертуге алып бардым. Анам айтатындай құдай жаратқан дәрігер. Қызым айтты: анашым, 4 жыл бойы әртүрлі дәрігерлерге барамыз, алайда мұндай дәрігерді алғаш рет көруім. Дәрігерлердің ешқайсысы бұл кісі сияқты түсіндірмеді. Ол – өте мейірімді деді. Ал балалар жалған айтпайды. Сізге ұзақ ғұмыр тілеймін. Әрі қарай да Сізде қараламыз да, көру қабілетімізді сауықтырамыз.
Құдай жаратқан дәрігер және жәй ғана жақсы адам, офтальмохирург Гульнара Енбековна Бегимбаеваға, емделушілерге әрдайым білікті көмек көрсетуге дайын дәрігер Екатерина Владимировна Воронковаға, біліктілігі мен мейірбан қолдары үшін медбике Гульнараға орасан зор алғыс білдіремін. Сіздерге көп рақмет!
Бегимбаева Гульнара Енбековна, сіз нағыз сиқыршысыз!!! Қолдарыңыз алтын, 100% кәсіпқойлық!! Дәл мен армандаған бейне жасағаныңыз үшін, мені ең сұлу еткеніңіз үшін орасан зор алғыс!! Ал сізбен сөйлесудің өзі қандай.. Бұл нағыз қарапайымдылық!! Ешкімге бей-жай қарамайтын, қамқор, шынайы жансыз, қазіргі кезде мұндай қасиеттер сирек кездеседі!! Сіз маған жақындаған сәтте көңілім орнына түсті)) Барлығына кеңес беремін. Жақсы көремін, сүйдім, Сізге рақмет!!
Бегимбаева Гульнара Енбековна көп рақмет!!! Дәрігердің қолдары алтын!!! Әкеме птеригиумды алып тастау отасы жасалды, отадан кейін ол кісі көңілді шығып, тіпті қалай болғанын байқамай қалғанын айтты))) Оған қоса Лунара Бекбосыновнаға отадан кейінгі қабылдау мен тексеру үшін алғыс білдіремін!!!
Сөз соңында айтарым, клиникаға кірген сәтте барлығы жылы жүзбен және мейіріммен қарсы алады! Тіркеу бөлімінің қыздары керемет (өөөөөте мейірімді және жайдары) Біздің отбасына клина өте қатты ұнады
Гульнар Енбековнаға ұлымның көзін аман алып қалғаны үшін алғысымды айтамын. 95 жылы ұлымның көзіне садақ тиді (балалар ойыны). Гульнара Енбековна асқан шеберлікпен ота жасап, көру қабілетін 100%-ға дерлік сақтап қалды.
Құдай жаратқан хирург және дәрігер! Өз ісінің хас шебері! Мен қанша өмір сүрсем, осы әйел үшін сонша дұға етемін!
Офтальмохирург Гульнара Енбековна Бегимбаеваға зор алғыс білдіргім келеді, бұл кісі – нағыз дәрігер, Құдай берген дарын иесі, бұл өзінің сүйікті ісіне деген нақты және кәсіби көзқарасынан байқалады.
Тек осындай өз ісінің мамандары орасан табысты нәтижелерге қол жеткізе алады, мен Гульнара Енбековнаға оның аса ауыр қажырлы еңбегі үшін соны шын жүректен тілеймін.
Мен Алматының көптеген клиникаларының ішінен дәл осы клиниканы таңдағаным үшін жаратқанға алғысым шексіз. Мен қайта өмірге келгендеймін. Қазіргі таңда заманымыздың талаптары бойынша бұл нөмірі бірінші Орталық дер едім.
Кәсіби таңдалған медициналық қызметкерлердің, техникалық қызметкерлердің барлығына осы ізгі істе үлкен шығармашылық табыстар тілеймін. Барлығыңызға көп рақмет!