дс: 09:00 - 17:00 сс - жм: 08:00 - 17:00 сб: 08:00 - 14:00 жс: демалыс
         +77273377080 +77023377080 Қабылдауға жазылу
ru kz
 
Біздің қызметтер
  • Басты бет
  • Клиника жайлы
  • Мамандар
  • Пікірлер
  • Блог
  • Байланыстар
ru kz
 
Біздің қызметтер
  • Басты бет
  • Клиника жайлы
  • Мамандар
  • Пікірлер
  • Блог
  • Байланыстар
  • Басты бет
  • Біздің қызметтер
  • Клиника жайлы
  • Мамандар
  • Пікірлер
  • Блог
  • Байланыстар
+7 727 337-70-81 Қабылдауға жазылу
© 2018 - 2025 Офтальмологический центр «Focus»
Договор публичной оферты
Main img 3
Бегимбаева Гульнара Енбековна
31 31 жылдық тәжірибе

Бас дәрігер, офтальмохирург, жоғары санатты дәрігер

1986-1993 ж. Алматы Мемлекеттік Медицина Институты

Кәсіби дағдылары:

  • көру қабілетін лазерлік түзету (рефракциялық оталардың барлық түрлері)
  • ересектер мен балаларда шел микрохирургиясы
  • күрделі соматикалық жағдайлардың (қант диабеті, ревматоидты артрит, жүйелік аурулар) фонында, оның ішінде глаукомасы бар көзге, көздің қабыну ауруларынан кейін, көзге бұрын жасалған оталардан кейін шелдің асқынған жағдайларының хирургиясы
  • көздің алдыңғы бөлігінің реконструктивті оталары, оның ішінде стандартты емес жағдайлар (жарақаттардың салдары, көзбұршақ байламдарының зақымдануы, қабыну аурулары, увеит)
  • жоғары жақыннан көргіштікті, алыстан көргіштікті түзетудегі рефракциялық ленсэктомия
  • астигматизмді, пресбиопияны, гиперметропияны, миопияны түзету үшін ИОЛ (премиум санатты) барлық мультифокальды және торлы түрлерін имплантациялау
  • глаукоманың барлық түрлерін диагностикалау (диспансерлік бақылау, консервативті емдеу)
  • глаукоманы әртүрлі кезеңдерде хирургиялық емдеу (соның ішінде әлемнің үздік өндірушілерінің дренаждарын имплантациялау)
  • кез келген күрделіліктегі нұрлы қабық патологиясы (кератоконус, нұрлы қабық дистрофиясы)

Біліктілікті арттыру:

  • 1998 ж. ИОЛ имплантациясымен шел факоэмульсификациясы (Академик С.Н. Федоров атындағы СҒТК, Мәскеу қ.)
  • 2000 ж. Нұрлы қабықты қайта ауыстыру негіздері (Академик С.Н. Федоров атындағы СҒТК, Мәскеу қ.)
  • 2001 ж. Көз жарақаты. Алматы, КА ҚазҒЗИ
  • 2005 ж. Факичті ИОЛ имплантациясымен (Академик С.Н. Федоров атындағы СҒТК, Мәскеу қ.)
  • 2005 ж. Қант диабетімен ауыратын науқастарда ретинальды хирургиядағы витрэктомия
  • 2007 ж. Офтальмологияның өзекті мәселелері (КА ҚазҒЗИ)
  • 2010 ж. Тамырлы сырқаттарды заманауи диагностикалау (КА ҚазҒЗИ)
  • 2014 ж. Глаукоманы диагностикалаудағы заманауи модульдер (КА ҚазҒЗИ)
  • 2015 ж. Глаукома, Алматы қ.
  • 2016 ж. Фемтосекундтық лазерді қолданумен кераторефракциялық хирургия негіздері, Мәскеу қ.
  • 2017 ж. Аметропия кезінде көру қабілетін түзету, Алматы қ.
  • 2017 ж. Мануалды техникамен Феррара сақинасы бар нұрлы қабықтың импланттарын орнату бойынша хирургтарды дайындау курсы, Испания
  • 2017 ж. Еуропалық катаракта және рефракциялық хирургтер қоғамының 35-ші конгресі, Лиссабон қ. (Португалия)
  • 2017 ж. Alcon Wavelight технологияларын қолданушылардың кездесуі, Вена қ. (Австрия)
  • 2018 ж. Шел және пресбиопия офтальмохирургиясындағы оптометрия және биометрия негіздері, Алматы қ.
  • 2018 ж. Инновациялық технологиялық саммит, Стамбул қ. (Түркия)
  • 2019 ж. Десцеметті жарғақшаның эндотелийінің автоматтандырылған кератопластикасы және десцемет жарғақшасының эндотелийлі кератопластикасы бойынша шеберлік сыныбы және оқу-жаттығу сағаттары, Лион (АҚШ)
  • 2019 ж. Инфекциялық кератитті емдеу кезіндегі асқынулар, Одесса қ. (Украина)
  • 2019 ж. Еуропалық катаракта және рефракциялық хирургтер қоғамының 37-ші конгресінің қатысушысы, Париж (Франция)
  • 2019 ж. Жетекші офтальмологтардың кездесуі, Барселона қ. Alcon тәжірибе орталығы, Орталық Азия кластері, Барселона қ. (Испания)
  • 2020 ж. Қызыл көздер симптомдарының әр алуандығы практикалық семинарында лектор, Одесса қ. (Украина)
  • 2021 ж. Кератопластиканың заманауи аспектілері, шеберлік сыныбы, Лион (АҚШ)
  • 2021 ж. Шелдің, глаукоманың және диабеттік асқынулардың өзекті мәселелері, Киев қ. (Украина)
  • 2021 ж. Euretina 2021 virtual, Амстердам қ. (Нидерланды)
  • 2021 ж. Шел бойынша халықаралық симпозиумның спикері, РФ
  • 2022 ж. Әдістеме және біртұтас педагогикалық үдерісті әдістемелік қамсыздандыру, Алматы қ.
  • 2023 ж. Жақсы капсулорексис және гидродиссекция. Қауіпсіз хирургия кілті. Құрғақ көз синдромын емдеу: дәрігер көзқарасы, Ташкент қ.
  • 2023 ж. Нұрлы қабық күні конгрессінің қатысушысы, Сан Диего (АҚШ)
  • 2023 ж. Американдық катаракта және рефракциялық хирургтер қоғамының жыл сайынғы жиналысы, Сан Диего (АҚШ)

Ғылыми қызметі:

  • 2002 ж. «Кератоконустың ерте кезеңдерін диагностикалау және хирургиялық емдеу» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (Ph.D)
  • 2010 ж. «Көзбұршақтың байламдық аспабының патологиясымен асқынған шелді хирургиялық емдеу» тақырыбында докторлық диссертация қорғады
  • 2011 ж. «Күрделі шел» монографиясының авторы
  • 100-ден аса баспа жұмысының авторы
  • ҚР өнертабысына 30-дан аса патенттің авторы.
Main img 3
Имантаева Майра Беримжановна
56 56 жылдық тәжірибе

Профессор, денсаулық сақтау үздігі

1961-1967 ж. Қарағанды мемлекеттік медицина институты
1967-1968 ж. Офтальмология бойынша алғашқы мамандану (Красноярск қ.)
1991 ж.-1998 ж. Офтальмология бойынша жетілдіру циклдары (Алматы қ. және Мәскеу қ.)
1999 ж. Ренн қаласы Университеттік клиникасының көз бөлімінде тағылымдама (Франция)

Кәсіби дағдылары:

Глаукома, тамырлы офтальмопатология (диабеттік, гипертониялық ретинопатия, торлы қабықтың және көру жүйкесінің жедел тамырлы бұзылыстары), көздің алдыңғы және артқы бөлігінің қабыну аурулары, эндокриндік офтальмопатология және торлы қабық пен көру жүйкесінің басқа да күрделі синдромдық аурулары бар науқастарға кеңес беру және емдеу.

Ғылыми қызметі:

1986 ж. «Көзішілік ісіктерді диагностикалау» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады
2000 ж. «Диабеттік ретинопатияны хирургиялық түзету» тақырыбына докторлық диссертация қорғады
2003 ж. профессор ғылыми атағы берілді
2000 ж. «Диабеттік ретинопатия» монографиясының авторы
2002 ж. «Торлы қабық көктамырларының тромбозы» монографиясының авторы
2007 ж. «Диабеттік офтальмопатия» монографиясының авторы

50-ден астам әдістемелік ұсынымдардың, 310 баспа жұмыстарының және ҚР өнертабысына 55 патенттің авторы.

Main img 3
Воронкова Екатерина Владимировна
15 15 жылдық тәжірибе

Бас дәрігердің орынбасары, офтальмохирург

2002-2008 ж. С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, мамандығы – Емдеу ісі
2008-2009 г. Қазақстандық Медицина Университетінде интернатура (офтальмолог-дәрігер)

Кәсіби дағдылары:

  • көз алмасы мен торлы қабықтың алдыңғы бөлігінің офтальмопатологиясы бар емделушілерді компьютерлік диагностикалау
  • аметропияның кез келген түрін көзілдірікпен және контактілі түзету
  • нұрлы қабықтың патологиясы (кератоконус, кератопатия) бар емделушілерді бақылау және емдеу
  • нұрлы қабық трансплантациясынан кейін, шелді хирургиялық емдеуден кейін емделушілерді бақылау және емдеу, глаукомамен ауыратын емделушілерді диагностикалау және емдеу
  • көз алмасының алдыңғы және артқы бөлігінің қабыну ауруларын емдеу
  • инъекцияның барлық түрлері (конъюнктиваастыңғы, парабульбарлы, препаратты субтенон кеңістігіне енгізу және ота бөлмесі жағдайында интравитреальды инъекциялар)
  • халязионды, птеригиумды хирургиялық емдеу, тігіс салу, шешу
  • FemtoLasik әдісімен көру қабілетін лазерлік түзету

Біліктілікті арттыру:

2010 ж. «Көз микрохирургиясы» циклының офтальмология мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2013 ж. «Торлы қабықтың және көру жүйкесінің тамырлы аурулары» циклының офтальмология мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2015 ж. «Глаукома» циклының офтальмология мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2016 ж. «Фемтосекундтық лазерді қолданумен нұрлы қабықтың эксимерлазерлік хирургиясы» әдістемесі бойынша біліктілікті арттыру тақырыптық циклында оқу, Мәскеу қ.
2018 ж. «Фемтолазерлік сүйемелдеумен эксимерлазерлік түзету» тағылымдамасы, Минск қ.
2018 ж. «Витреоретинальды хирургия. Неоваскуляризациямен қатар жүретін көру органдарының ауруларын емдеудің заманауи әдістері» біліктілікті арттыру
2019 ж. Еуропалық катаракта және рефракциялық хирургтер қоғамының (ESCRS) мүшесі
2021 ж. «Нұрлы қабық патологиясы. Дәрі-дәрмекпен және хирургиялық емдеу» біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2024 ж. Офтальмологиядағы соңғы лазерлік технологиялар

Main img 3
Еликбаева Асель Ерликовна
20 20 жылдық тәжірибе

Жоғары санатты дәрігер

1997 ж.-2003 ж. – С.М. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (Алматы қ.)
2003 г.-2004 г. – ҚазКАҒЗИ базасында Офтальмология мамандығы бойынша интернатура (Алматы қ.)
2022 г.-2023 г. – Бизнес және басқару магистрі дәрежесін берумен «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» мамандығы бойынша магистратура, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.

Кәсіби дағдылары:

  • көз алмасы мен торлы қабықтың алдыңғы бөлігінің офтальмопатологиясы бар емделушілерді компьютерлік диагностикалау
  • аметропияның кез келген түрін көзілдірікпен және контактілі түзету
  • нұрлы қабықтың патологиясы (кератоконус, кератопатия) бар емделушілерді бақылау және емдеу
  • нұрлы қабық трансплантациясынан кейін, шелді хирургиялық емдеуден кейін емделушілерді бақылау және емдеу – глаукомамен ауыратын емделушілерді диагностикалау және емдеу
  • көз алмасының алдыңғы және артқы бөлігінің қабыну ауруларын емдеу
  • инъекцияның барлық түрлері (конъюнктиваастыңғы, парабульбарлы, препаратты субтенон кеңістігіне енгізу және ота бөлмесі жағдайында интравитреальды инъекциялар)
  • халязионды, птеригиумды хирургиялық емдеу, тігіс салу, шешу – FemtoLasik әдісімен көру қабілетін лазерлік түзету
  • көз торы ауруларын лазерлік емдеу – лазеркоагуляция, лазерлік дисцизия, лазериридэктомия

Біліктілікті арттыру:

2008 ж. «Көру органының тамырлы патологиясы» 144 сағат ҚазКАҒЗИ (Алматы қ.)
2008 ж. «Жанаспалы түзету» 72 сағат ҚазКАҒЗИ (Алматы қ.)
2013 ж. «Балалардағы көз түбінің патологиясы» 216 сағат АМДБЖИ (Алматы қ.)
2015 ж. «Шел факоэмульсификациясы» 108 сағат АМДБЖИ (Алматы қ.)
2018 ж. «Офтальмологиядағы диагностикалаудың функционалдық әдістері» 108 сағат ҚазКАҒЗИ АҚ (Алматы қ.)
2019 ж. «Көз микрохирургиясы» 108 сағат ҚазМҮБУ (Алматы қ.)
2021 ж. «Витреоретинальді хирургия. Неоваскуляризациямен бірге жүретін көру органының ауруларын емдеудің заманауи әдістері», Алматы қ.
2021 ж. «Нұрлы қабық патологиясы. Дәрі-дәрмектік және хирургиялық емдеу», Алматы қ.
2021 ж. «Офтальмологияда, оның ішінде балалар офтальмологиясында ең жаңа лазерлік технологиялар», Алматы қ.
2021 ж. «Фемтосекундтық лазерді қолданумен нұрлы қабықтың эксимерлазерлік хирургиясы», Мәскеу қ.
2022 ж.- 2023 ж. Денсаулық сақтаудағы менеджмент мамандығы бойынша магистратура, Алматы қ.

Main img 3
Красноперова Юлия Владимировна
19 19 жылдық тәжірибе

Жоғары санатты дәрігер

1998 ж.-2004 ж. – С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, мамандығы – Емдеу ісі
2004 ж.-2005 ж. – С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде Емдеу ісі мамандығы бойынша интернатураны бітірді, офтальмолог-дәрігер біліктілігі берілді

Кәсіби дағдылары:

  • көз алмасы мен торлы қабықтың алдыңғы бөлігінің офтальмопатологиясы бар емделушілерді компьютерлік диагностикалау
  • аметропияның кез келген түрін көзілдірікпен және контактілі түзету
  • нұрлы қабықтың патологиясы (кератоконус, кератопатия) бар емделушілерді бақылау және емдеу
  • нұрлы қабық трансплантациясынан кейін, шелді хирургиялық емдеуден кейін емделушілерді бақылау және емдеу – глаукомамен ауыратын емделушілерді диагностикалау және емдеу
  • көз алмасының алдыңғы және артқы бөлігінің қабыну ауруларын емдеу
  • инъекцияның барлық түрлері (конъюнктиваастыңғы, парабульбарлы, препаратты субтенон кеңістігіне енгізу және ота бөлмесі жағдайында интравитреальды инъекциялар)
  • нұрлы қабық коллагенінің кросслинкингі. Халязионды хирургиялық емдеу, Төменгі қабақтың қайырылуын хирургиялық емдеу, тігіс салу, шешу.

Біліктілікті арттыру:

2006 ж. «Көз микрохирургиясы» циклының офтальмология мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2006 ж. «Диагностикалау және емдеу хаттамаларын әзірлеушілерге және клиникалық нұсқауларға арналған дәлелді медицина» курсы бойынша оқудан өтті, Алматы қ.
2007 ж. «ИОЛ имплантациясымен шел микрохирургиясы» циклының офтальмология мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2008 ж. «Офтальмологияның өзекті мәселелері» циклының офтальмология мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2009 ж. «Офтальмологиядағы диагностикалаудың функционалдық әдістері» циклының офтальмология мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2010 ж. «Функционалдық диагностикалау» циклының офтальмология мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2015 ж. «Глаукома» циклының офтальмология мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2016 ж. «Нұрлы қабық аурулары кезінде нұрлы қабық коллагенінің кросслинкингі» тақырыбы бойынша оқудан, тағылымдамадан өтті, Уфа қ.
2018 ж. SkyOptix зертханасында «Zenlenstm / Zentm RC склералық линзаларын таңдау» оқуынан өтті, Мәскеу қ.
2020 ж. «Витреоретинальді хирургия. Неоваскуляризациямен бірге жүретін көру органының ауруларын емдеудің заманауи әдістері» біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2021 ж. «Балалар мен ересектерде көру қабілетін контактілі және көзілдірікті түзету» біліктілікті арттыру , Алматы қ.
2021 ж. «Нұрлы қабық патологиясы. Дәрі-дәрмектік және хирургиялық емдеу» біліктілікті арттыру, Алматы қ.

Main img 3
Такибаев Алмас Асылбекович
11 11 жылдық тәжірибе

Жоғары санатты дәрігер

2007 ж.-2012 ж. – С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, мамандығы – Жалпы медицина
2012 ж.-2014 ж. – Қазақстандық Медицина Университетінде интернатураны бітірді (біліктілік – дәрігер-хирург)
2014 ж.-2017 ж. – Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында офтальмология мамандығы бойынша резидентура

Кәсіби дағдылары:

  • көз алмасы мен торлы қабықтың алдыңғы бөлігінің офтальмопатологиясы бар емделушілерді компьютерлік диагностикалау
  • нұрлы қабықтың патологиясы бар емделушілерді бақылау және емдеу
  • шелді бақылау және хирургиялық емдеу – глаукомамен ауыратын емделушілерді диагностикалау және емдеу
  • көз алмасының алдыңғы және артқы бөлігінің қабыну ауруларын емдеу
  • инъекцияның барлық түрлері (конъюнктиваастыңғы, парабульбарлы, препаратты субтенон кеңістігіне препарат енгізу және ота бөлмесі жағдайында интравитреальды инъекциялар)
  • шелді, глаукоманы хирургиялық емдеу, халязионды, птеригиумды алып тастау, птозды, қабақтың қайырылуы мен теріс айналуын жою, тігіс салу, шешу

Біліктілікті арттыру:

2018 ж. «Шел факоэмульсификациясы» циклы бойынша біліктілікті арттыру, Алматы қ.
2019 ж. Катарактальді хирургтардың халықаралық конференциясына қатысу, Санкт-Петербург қ.
2023 ж. «Витреоретинальді хирургия» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру тақырыптық циклында оқу, Мәскеу қ.
2023 ж. «Витреоретинальді хирургия» тағылымдамасы, Минск қ.

Alik Busido Диагностикалау

Орталыққа 1.02.2019 ж. бардым. Алдымен интернеттен тауып, қоңырау шалдым, мені қабылдауға жазып қойды. Кірген бойда тегін бахила берді, орталықтың іші таза, жайлы, қызметкерлері сыпайы. Жылдам қызмет көрсетті, дәрігерлер керемет, жабдығы заманауи. Көзілдірік жазып берді, көз тамшыларына рецепт берді, консультация өткізді. Қабылдауға 5000 төлесең де аямайсың. Әлбетте, жүгінуге кеңес беремін!

Асель

Бүгін Гульнара Енбековнаға бардық. Қызымды тексертуге алып бардым. Анам айтатындай құдай жаратқан дәрігер. Қызым айтты: анашым, 4 жыл бойы әртүрлі дәрігерлерге барамыз, алайда мұндай дәрігерді алғаш рет көруім. Дәрігерлердің ешқайсысы бұл кісі сияқты түсіндірмеді. Ол – өте мейірімді деді. Ал балалар жалған айтпайды. Сізге ұзақ ғұмыр тілеймін. Әрі қарай да Сізде қараламыз да, көру қабілетімізді сауықтырамыз.

Татьяна Колесникова

Құдай жаратқан дәрігер және жәй ғана жақсы адам, офтальмохирург Гульнара Енбековна Бегимбаеваға, емделушілерге әрдайым білікті көмек көрсетуге дайын дәрігер Екатерина Владимировна Воронковаға, біліктілігі мен мейірбан қолдары үшін медбике Гульнараға орасан зор алғыс білдіремін. Сіздерге көп рақмет!

Ляззат

Бегимбаева Гульнара Енбековна, сіз нағыз сиқыршысыз!!! Қолдарыңыз алтын, 100% кәсіпқойлық!! Дәл мен армандаған бейне жасағаныңыз үшін, мені ең сұлу еткеніңіз үшін орасан зор алғыс!! Ал сізбен сөйлесудің өзі қандай.. Бұл нағыз қарапайымдылық!! Ешкімге бей-жай қарамайтын, қамқор, шынайы жансыз, қазіргі кезде мұндай қасиеттер сирек кездеседі!! Сіз маған жақындаған сәтте көңілім орнына түсті)) Барлығына кеңес беремін. Жақсы көремін, сүйдім, Сізге рақмет!!

Сауле Ажибаева Птеригийді жою

Бегимбаева Гульнара Енбековна көп рақмет!!! Дәрігердің қолдары алтын!!! Әкеме птеригиумды алып тастау отасы жасалды, отадан кейін ол кісі көңілді шығып, тіпті қалай болғанын байқамай қалғанын айтты))) Оған қоса Лунара Бекбосыновнаға отадан кейінгі қабылдау мен тексеру үшін алғыс білдіремін!!!
Сөз соңында айтарым, клиникаға кірген сәтте барлығы жылы жүзбен және мейіріммен қарсы алады! Тіркеу бөлімінің қыздары керемет (өөөөөте мейірімді және жайдары) Біздің отбасына клина өте қатты ұнады

Сундетбай Азамат Лазерлік түзету
Ирина Перминова Хирургиялық емдеу

Гульнар Енбековнаға ұлымның көзін аман алып қалғаны үшін алғысымды айтамын. 95 жылы ұлымның көзіне садақ тиді (балалар ойыны). Гульнара Енбековна асқан шеберлікпен ота жасап, көру қабілетін 100%-ға дерлік сақтап қалды.
Құдай жаратқан хирург және дәрігер! Өз ісінің хас шебері! Мен қанша өмір сүрсем, осы әйел үшін сонша дұға етемін!

Искакова Арай Лазерлік түзету
Рашева Сауле Бакытовна

Офтальмохирург Гульнара Енбековна Бегимбаеваға зор алғыс білдіргім келеді, бұл кісі – нағыз дәрігер, Құдай берген дарын иесі, бұл өзінің сүйікті ісіне деген нақты және кәсіби көзқарасынан байқалады.
Тек осындай өз ісінің мамандары орасан табысты нәтижелерге қол жеткізе алады, мен Гульнара Енбековнаға оның аса ауыр қажырлы еңбегі үшін соны шын жүректен тілеймін.

Мен Алматының көптеген клиникаларының ішінен дәл осы клиниканы таңдағаным үшін жаратқанға алғысым шексіз. Мен қайта өмірге келгендеймін. Қазіргі таңда заманымыздың талаптары бойынша бұл нөмірі бірінші Орталық дер едім.

Кәсіби таңдалған медициналық қызметкерлердің, техникалық қызметкерлердің барлығына осы ізгі істе үлкен шығармашылық табыстар тілеймін. Барлығыңызға көп рақмет!

Анна Давыдова Хирургиялық емдеу
Жаңа буынның SOLIX оптикалық когерентті томографы. Бұл микроскопиялық деңгейде көз құрылымдарының күйін зерттеуге мүмкіндік береді (микрометр деңгейінде зерттеу).

Ангиографиясы бар OCT қан ағымының сипатын анықтайды, бұл ишемиялық өзгерістер мен неоваскуляризация аймақтарын анықтауға көмектеседі (қан тамырларының патологиялық өсуі).

Алынған диагностикалық деректер түпкілікті диагнозды белгілеу, қасаң қабықтың, иристің, линзаның, тордың және көру жүйкесінің басының жағдайын динамикалық бағалау үшін қолданылады.
Жаңа буынның оптикалық когерентті томографы - Optovue SOLIX, көздің қасаң қабығынан хореоидқа дейінгі көру мүшесін жан-жақты зерттеуге үлкен мүмкіндіктер ашады.

SOLIX көптеген құралдарды ұсынады:

📌 Алдыңғы сегменттің суреті - SOLIX FullRange Anterior Image бүкіл алдыңғы камера мен мүйізді қабық бетінің керемет көрінісін береді.

📌 Глаукоманы болжау бағдарламасы - SOLIX Glaucoma пакеті оптикалық жүйке басының құрылымы мен тамырларын терең талдауды қамтамасыз етеді.

📌 3D тордың визуализациясы - SOLIX сетчатканың патологиясын сенімді диагностикалауға және емдеуге мүмкіндік береді - тіпті жоғары миопиясы бар науқастарда.

Біз көру проблемаларына жетілдірілген және білікті шешімдерді ұсынамыз!
Біздің клиникада рефракциялық операцияға дайындық кезінде қасаң қабықтың ең толық диагностикасын (топографиясын, пахиметриясын және қасаң қабықтың биомеханикалық қасиеттерін анықтау) жүргізуге мүмкіндік беретін бірегей Pentacam және Corvis құрылғылары бар.
- көздің ішкі құрылымдарын, торлы қабықтардың әрқайсысын, көру жүйкесі дискісін және хориоидты тамырлы арнасын жанасусыз диагностикалау. Өзгерістердің айқындылық дәрежесін бағалауға, торлы қабық ауруларын емдеудің динамикасындағы тиімділігін, глаукома процесінің динамикасын бақылауға мүмкіндік береді.
- бұл нұрлы қабықтың бетін сканерлеу арқылы оны зерттеудің жанасусыз процедурасы. Нәтижесі кератоконус диагнозын жоққа шығаруға/растауға, аурудың динамикасын бақылауға, көру қабілетін лазерлік түзетуге дейінгі және одан кейінгі кератотопографиялық көрсеткіштерді бақылауға мүмкіндік беретін алдыңғы және артқы топограмманы қоса алғанда, көздің нұрлы қабығының кератотопограммасының үш өлшемді көрінісі болып табылады. Кіріктірілген кератопахиметрия опциясы нұрлы қабықтың қалыңдығын бір уақытта бүкіл беті бойынша бағалауға мүмкіндік береді, бұл көру қабілетін лазерлік түзетуді жоспарлаудың маңызды факторы болып табылады.
- бұл торлы қабық пен көздің тамырлы қабығының патологиясын емдеудің заманауи әдісі. Жыртылулары бар бүліну аймағында торлы қабықтың лазерлік коагуляциясын жүргізу торлы қабықтың ажырауы сияқты күрделі асқынудың алдын алады. Майда патологиялық тамырлардың коагуляциясы қан кетудің алдын алу және жаңадан пайда болған патологиялық тамырлардың өсуін болдырмау үшін жүргізіледі, бұл диабеттік ретинопатияны, жедел тамырлы жағдайларды емдеудің аса маңызды кезеңі болып табылады және өте қиын жағдайларда да көру қабілетін сақтауға мүмкіндік береді
- бұл процедура көздің артқы бөлігінің жай-күйін, соның ішінде торлы қабықты, көру жүйкесін және тамырлы торды бағалауға мүмкіндік береді. Алынған нәтиже емделушінің көру қабілетін сақтау әдістерін қолдану қажеттілігі туралы хабарлайды.
- заманауи офтальмологияда көру қабілетін қалпына келтіру үшін хирургиялық әдістер көбірек дамып жатыр. Focus клиникасының хирургтары клиенттерімізге ең қымбат нәрсе - ештеңемен салыстыруға келмейтін табиғат берген сый - көру қабілетін қайтару үшін барлық жағдайды жасайды. Олар көру органының барлық мүмкін ауруларын хирургиялық емдеуді жүргізеді. Олар әртүрлі сырқаттарға ең күрделі хирургиялық оталар жасайды - басқалардың арасында көзбұршақтың ең заманауи үлгілерін имплантациялаумен катаракта хирургиясына басымдық беріледі. Өтелмеген көз қысымы жағдайында глаукома кезінде гипотензивті оталар сәтті жүзеге асырылады, олардың мақсаты дренаж жүйелерінің ең жаңа әдістемелерін, ең заманауи үлгілерін қолдана отырып, көзішілік қысымды төмендету болып табылады.
- Көз жарақатын алған науқастар үшін клиникада жоғалған зақымдалған құрылымдарды қалпына келтіру үшін бірегей реконструктивті оталар жасалады, бұл тіпті осындай қиын жағдайларда да көру қабілетін қалпына келтіруге және сақтауға мүмкіндік береді. Мұндай оталар, әдетте, көздің алдыңғы бөлігінің мөлдірлігін қалпына келтіруге, көздің зақымдалған аймақтарын қалпына келтіруге және емдеуге бағытталған.
10% жеңілдікпен диагностикаға және дәрігердің консультациясына жазылыңыз

Бар болғаны 20.000 тг
18.000 тг

  • Рефракцияны анықтау
  • Көз қысымын өлшеу
  • Көзді саңылаулы шамда зерттеу
  • Көз түбін қысаң қарашыққа зерттеу
  • Оптикалық когерентті томография (ОКТ)
1 Консультацияға жазылыңыз
2 Диагностикадан өтіп, емдеу жоспарын алыңыз
3 100% көру қабілетінен ләззат алыңыз
Қате!
Не все поля заполены